Балаларға тегін ота жасау туралы заң қарастырылып жатыр

Қазақстанда белгілі бір медициналық жағдайлары бар балаларға тегін ота жасау мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Оның айтуынша, кейбір балалар туа біткен бет ақауларына байланысты қоғамдық ортада өздерін жайсыз сезініп, психологиялық қиындықтарға тап болады. Осындай жағдайларды ескере отырып, депутаттар мұндай оталарды мемлекет есебінен тегін жасау туралы ұсыныс енгізген.

Қазіргі уақытта бұл бастама талқылау кезеңінде. Егер заң қабылданса, балалардың өмір сапасын жақсартуға және олардың әлеуметтік бейімделуіне оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

«ATAMNYN AMANATY» ҰЙЫМЫ -ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҰЙТҚЫСЫ

Redaktor Arysinfo

Шымкенттік дәрігерлер комаға түскен науқасты аман алып қалды

Альфия Адамбек

АРЫС: ОТЫРАР ШАҒЫН АУДАНЫНДА ИНВЕСТОРЛАР ЕСЕБІНЕН 70 ПӘТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Redaktor Arysinfo