Түркістан инвестиция тартып жатыр: уәде ме, нақты нәтиже ме?

дереккөз фото: Түркістан облысы әкімі

Түркістан облысы әкімінің Қытайға сапары барысында халықаралық ірі компаниялармен бірқатар келіссөздер жүргізілді. Күн тәртібінде – өнеркәсіп, жасыл энергетика және ірі өндірістік жобалар.

Алғашқы бағыт – Kibing Group компаниясымен шыны өндіретін зауыт салу жобасы. Жоба жүзеге асса, өңірде жаңа өндіріс орындары ашылып, құрылыс материалдарына деген тәуелділік азаюы мүмкін. Сондай-ақ жүздеген жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Екінші маңызды келіссөз – China Energy компаниясымен 1500 мегаваттық жел электр станциясын салу жобасы. Бұл бастама өңірдің энергетикалық әлеуетін арттырып, «жасыл экономикаға» жол ашпақ.

Әкімдік бұл жобалар Түркістанның инвестициялық тартымдылығын күшейтіп, экономиканы жаңа деңгейге шығаратынын айтады. Дегенмен мұндай ірі келіссөздерден кейін қоғам үшін ең маңызды сұрақ – жобалар қағаз жүзінде қалып қоймай ма, нақты іске қашан асады?

Инвесторлар қызығушылық танытып отыр, ал билік толық қолдау көрсетуге дайын. Ендігі шешуші кезең – келіссөзді нақты өндіріс пен жұмыс орындарына айналдыру.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте полицейді көліктің капотында сүйреген азамат жеті жылға сотталды

berdaly_oraz

САЙРАМ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

berdaly_oraz

ҚАЗЫҒҰРТТА АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТІП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Redaktor Arysinfo