Қазақстанның Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев Ұлттық ұланның жас сарбаздарымен кездесіп, әскери қызметтің маңызы мен Отан алдындағы адалдық туралы тағылымды әңгіме өткізді. Кездесу барысында аңызға айналған қолбасшы әскери өмірден жинаған тәжірибесімен бөлісіп, жас буынды елге қызмет етуге, тәртіп пен жауапкершілікті биік ұстауға шақырды.
Батырдың айтуынша, нағыз сарбаз үшін ең басты құндылық – Отанға деген сүйіспеншілік пен антқа адалдық. Ол әскери қызметтің тек қару ұстау емес, мінез қалыптастыратын үлкен мектеп екенін атап өтті.
Жас сарбаздар қаһарманға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, әскери қызметтің қыр-сыры жайлы құнды жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың патриоттық рухын көтеріп, әскери мамандыққа деген құрметін арттыра түсетіні сөзсіз
