“Ауыз аштырмай ақша беріледі: мемлекет көмекті автоматтандырды”

келіссөз фото: inbusiness.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген азаматтарға берілетін кәсіби төлемді тағайындау тәртібін жеңілдетті. Енді бұл төлемдер проактивті форматқа көшіріліп, азаматтардың өзі өтініш жазбай-ақ тағайындалуы мүмкін.

Жаңа жүйе бойынша мемлекет қажетті деректерді ақпараттық базалар арқылы автоматты түрде анықтап, тиісті төлемді өзі рәсімдейді. Бұл – қағазбастылықты азайтып, әлеуметтік қолдауды жеделдетуге бағытталған қадам.

Сала мамандарының айтуынша, мұндай өзгеріс еңбек жағдайы зиянды өндірістерде жұмыс істейтін азаматтардың құқығын қорғауды күшейтеді және төлем алудағы бюрократиялық кедергілерді жояды.

Дегенмен, сарапшылар жаңа жүйенің ашықтығы мен деректердің дәлдігі маңызды екенін де ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық полицей Азия чемпионы атанды

Redaktor Arysinfo

БРИТАНДЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА СҮТ ӨҢДЕУ ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА НИЕТТІ

Redaktor Arysinfo

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ҚҰРАН ОҚУДАН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТТІ

Redaktor Arysinfo