Жануарға тас лақтырған тұрғынның ісі полицияға жолданды

дереккөз фото: Aikyn.kz.

Алматыдағы Алматы хайуанаттар бағы аумағында келеңсіз оқиға тіркелді. Келушілердің бірі жануардың назарын аудармақ болып, оған тас лақтырған.

Зообақ әкімшілігінің мәліметінше, жануарларға қандай да бір зат лақтыруға, қоршауларды қағуға, әдейі мазалауға немесе үркітуге қатаң тыйым салынған. Мұндай әрекеттер олардың күйзеліске түсуіне және денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Оқиғадан кейін бейнебақылау жазбалары жиналып, материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Қазір заңнамаға сәйкес тиісті шара қолдану мәселесі қарастырылып жатыр.

Зообақ өкілдері тұрғындарды жануарларға құрметпен қарап, белгіленген тәртіп ережелерін сақтауға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖӘРДЕМАҚЫҒА ТӘУЕЛДІЛІКТЕН АРЫЛТУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚАДАМ ЖАСАЛАДЫ?

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ

berdaly_oraz

Заң мен Тәртіп» – жаңа Конституцияның негізгі қағидаты: Олжас Бектенов құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ВАК отырысын өткізді