АҚШ-та Трамптың туылған күнін мереке күні ету ұсынылды

АҚШ Конгресінде Дональд Трамптың туған күнін ресми мерекеге айналдыру бастамасы көтерілді. Бұл ұсынысты республикашыл конгрессвумен Клаудия Тенни жасады. Ол 14 маусымда атап өтілетін Ту күнін Трамптың туған күнімен біріктіріп, федералды деңгейде жаңа мереке енгізуді ұсынады.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Теннидің пікірінше, Трамп ел тарихындағы маңызды президенттердің бірі болғандықтан, оның туған күні арнайы құрметке лайық. Ол бұл бастамасын Джордж Вашингтонның туған күнінің ұлттық мереке ретінде тойлануымен салыстырып, Трамптың да осындай мәртебеге ие болуы керектігін айтты.

Бұл ұсыныс қоғамда түрлі пікір тудырды. Бір тарап оны қолдаса, екінші тарап мысқылмен қабылдады. Сарапшылардың пікірінше, бастама заңды түрде бекітілуі екіталай, өйткені Конгресте демократтар тарапынан қарсылыққа тап болуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Түлкібаста шетел азаматы шұңқырға құлап жарақат алды

Түркістан: Кентауда балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті.

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100 ТУРИСТІК ОРЫН АНЫҚТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo