Дәрігер жетіспесе, даму тежеледі: Президент кадр тапшылығын басты мәселе деп атады

дереккөз фото: Aikyn.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің денсаулық сақтау саласындағы негізгі түйткілдердің бірі – білікті маман тапшылығы екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, медициналық инфрақұрылымды дамыту ғана емес, саланы кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету де аса маңызды міндет болып қала береді.

Осы бағыттағы жұмыстар аясында биыл еліміз бойынша 32 аудандық аурухананы жаңғырту аяқталады. Бұл жобалар шалғай өңір тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттырып, азаматтарға тұрғылықты жерінде қажетті ем-дом алуына мүмкіндік береді.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа ауруханалар мен заманауи жабдықтар медициналық көмектің сапасын жақсартқанымен, кадр мәселесін шешу денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттырудағы басты факторлардың бірі болып отыр.

Мемлекет басшысы медицина саласын жаңғырту халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірлер арасындағы әлеуметтік теңсіздікті азайтуға ықпал ететінін ерекше атап өтті. Денсаулық сақтау жүйесіндегі бұл өзгерістер азаматтардың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуына жол ашады.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста «Қоғамға қызмет ету» бағыты бойынша мобильді топтың халықпен кездесуі өтті

Министр Арман Шаққалиев бағаны тұрақтандыруға бағытталған қосымша шараларды жариялап,кең көлемді «Береке Fest» акциясының өтетінін хабарлады.

Redaktor Arysinfo

Келес тұрғыны ашқан цехта күніне 500-ге жуық шұлық шығады