дереккөз фото: aikyn.kz
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Жұлдыз Сүлейменова Өзбекстан Республикасының Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрімен кездесу өткізіп, білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылады.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы білім беру саласындағы серіктестікті одан әрі нығайту, тәжірибе алмасу, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және оқушылардың білім сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ білім беру жүйесін цифрландыру, инновациялық оқыту әдістерін енгізу және халықаралық білім беру бағдарламаларын дамыту бағыттарындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.
Тараптар өзара әріптестікті тереңдетуге дайын екендіктерін білдіріп, алдағы уақытта білім беру саласындағы бірлескен бастамаларды жалғастыруға уағдаласты. Екі ел арасындағы мұндай ынтымақтастық білім сапасын арттыруға және өңірдегі білім беру жүйесінің дамуына оң ықпал етеді.
