Мемлекеттік қызметкер тек кабинетте отырмайды: Арыстағы спартакиада нені көрсетті?

Қоғам мемлекеттік қызметкерді көбіне құжатпен жұмыс істейтін, кабинеттен шықпайтын маман ретінде елестетеді. Алайда Арыс қаласында өткен спартакиада бұл түсініктің өзгеріп келе жатқанын көрсетті.

23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күні қарсаңында ұйымдастырылған спорттық жарыста жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері кіші футбол, арқан тарту, ләңгі тебу, асық ату және қол күресі бойынша өзара бақ сынасты. Бұл тек жарыс емес, мемлекеттік қызметкерлердің ұйымшылдығы мен белсенді өмір салтын насихаттайтын маңызды шара болды.

Іс-шара барысында қала әкімі Қайсар Маңқараев мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі жоғары сала екенін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Оның айтуынша, әрбір мемлекеттік қызметкер өз ісінің маманы ғана емес, елінің патриоты болуы тиіс.

Бүгінде салауатты өмір салтын қалыптастыру қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан мұндай жарыстар қызметкерлердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, ұжым арасындағы ынтымақтастықты арттыруға да ықпал етеді.

Арыста өткен спартакиада мемлекеттік қызметкерлердің тек кәсіби салада емес, спортта да белсенді екенін дәлелдеді. Қоғамға үлгі болатын мамандардың салауатты өмір салтын таңдауы – көпшілікке берілген маңызды үндеу.

Ұқсас жаңалықтар

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына арналған ұсынымдар

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесі талқыланды

berdaly_oraz

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ ӨТКІЗІЛЕДІ

Redaktor Arysinfo