«Жалған ақпарат» Оны иіскесе қайтыс болады:WhatsApp-та Қазақстан тұрғындары арасында у қосылған әтір су сатылып жатқаны туралы хабарлама тарады

Бұл фейк алғаш рет 2023 жылдың ақпанында Ресейде пайда болған. Кейін Беларусь пен Эстонияға тарап, Луганск тұрғындары Ресей мен Беларусь қалаларында у қосылған парфюмерия сатып жатыр деген қауесет тараған. Бірақ бұл дерек еш жерде расталмаған. Полиция да, Роспотребнадзор да мұндай жағдайлар тіркелмегенін мәлімдеген.

Қазақстанда бұл жалған ақпарат 2023 жылдың наурызында қайта тараған. Әсіресе Халықаралық әйелдер күні қарсаңында осындай қауесеттер жиілеген.

Мұндай хабарламалар әдетте эмоцияға толы болып келеді және адамдарды дүрліктіру үшін таратылады. Егер іздеу жүйесінде «у қосылған әтір» немесе «у қосылған иіс су» деп іздесеңіз, көптеген фактчекерлер бұл ақпараттың жалған екенін дәлелдегенін көресіз.

Фейктерге алданып қалмау үшін ақпаратты тексеріп, расталмаған мәліметтерді таратпау маңызды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Redaktor Arysinfo

Түркістанда «АЙБЫН-2025» әскери-патриоттық ойындары өтті

ТҮРКІСТАНДАҒЫ «КЕЛЕШЕК» МЕКТЕБІНДЕ МҰЗБЕН СЫРҒАНАУ ҮЙІРМЕСІ ҚАРҚЫН АЛДЫ