Пайдаланылмаған 14,6 гектар жер мемлекетке қайтарылды: Алматыда заң талаптары күшейді

дереккөз фото:Aikyn.kz сайты.

Алматыда ұзақ уақыт бойы мақсатты пайдаланылмаған 14,6 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Тексеру барысында учаскелердің заң талаптарына сай игерілмегені анықталған.

Мәліметке сәйкес, аумақтың бір бөлігі тазартылып, өңдеу жұмыстары жүргізілгенімен, ауыл шаруашылығы өндірісі ұйымдастырылмаған. Яғни жер телімдері нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмай, ұзақ уақыт бос жатқан.

Осыған байланысты уәкілетті органдар заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылдап, жалпы көлемі 14,6 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды.

Мамандардың айтуынша, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және оларды мемлекетке қайтару жұмыстары жалғасады. Бұл шара жер ресурстарын тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығы саласының дамуына серпін беруді көздейді.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТТА “МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТ – МЕРЕЙЛІ МІНДЕТ” АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Түркістан: Төлебидегі демалыс аймағында өткен сенбілікте 37 тонна қоқыс шығарылды

«Түнгі кітапхана» Бәйдібекте: Мұқағали Кенжетайұлына арналған кеш өтті

berdaly_oraz