ҚАЗЫҒҰРТТА “МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТ – МЕРЕЙЛІ МІНДЕТ” АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.

Мазмұны терең мерекелік жиынға аудан әкімі Азизхан Исмаилов қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Мәдениет – ұлттың рухани тірегі, ал өнер – халықтың айнасы. Сіздер ұлттық құндылықтарды дәріптеп, мәдени мұрамызды келер ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Өңірдің мәдени өмірін дамытуға қосқан үлестеріңіз зор құрметке лайық,» – деді аудан басшысы.

Шара барысында мәдениет пен өнер саласында табысты еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табысталды.

Мерекелік кеш театрландырылған қойылыммен басталып, аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.

Ұқсас жаңалықтар

ГҮЛДЕНГЕН ТҮРКІСТАН

berdaly_oraz

Сайрам мен Ордабасы аудандарында кәсіпкерлер өрт сөндіру бекетін салып жатыр

АРЫС: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІНЕ ДЕПУТАТТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo