Астанада ұлттық өнерді ұлықтайтын ауқымды «Асыл мұра» концерті өтеді. Мәдени шара қазақтың күй өнері мен дәстүрлі орындаушылық мектептерін дәріптеп, ұлттық мұраны кеңінен насихаттауға бағытталған.
«Асыл мұра» концерті ұлттық өнердің тарихи-мәдени құндылығын айшықтап, еліміздегі өңірлік орындаушылық мектептердің сабақтастығын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар домбыра мұрасының бүгінгі мәдени кеңістіктегі орны мен маңызын кеңінен танытуды көздейді.
Концерт барысында көрермендер қазақтың дәстүрлі музыка өнерінің үздік туындыларын тыңдап, әр өңірге тән орындаушылық ерекшеліктермен танысады. Бұл жоба ұлттық құндылықтарды ұлықтап қана қоймай, жас ұрпақтың төл өнерге деген қызығушылығын арттыруға да ықпал етеді.
«Асыл мұра» – ғасырлар бойы жалғасқан күйшілік дәстүрді жаңғыртып, ұлттық мәдениеттің өміршеңдігін айқындайтын тағылымы мол өнер кеші болмақ.:::
