Шымкентте бәйшешек гүлдеді: көктемнің алғашқы белгісі

Шымкентке көктем ерте келді – қалада бәйшешектер гүлдей бастады. Жергілікті фотограф әрі гид Тимур Байғұлов 20 ақпанда Шымкенттегі Дендросаябақта серуендеп жүріп, көктемнің алғашқы гүлдерін суретке түсіргенін айтты. Оның айтуынша, биыл бәйшешектер ерекше ерте гүлдеп, табиғаттың жылынғанын айқын сездіріп тұр.

Бәйшешек – Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін өсімдіктердің бірі. Бұл нәзік гүлдер көктемнің жаршысы болып саналады және жыл сайын алғашқылардың бірі болып қар астынан бой көтереді. Дегенмен, бәйшешектерді қорғау маңызды, себебі олар сирек кездесетін өсімдіктер санатына жатады және жойылып кету қаупі бар.

Бәйшешектердің гүлдеуі табиғаттың оянып, күннің жылынғанын білдіреді. Көктемнің бұл алғашқы белгілері қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлап, табиғаттың ғажайып көріністерін тамашалауға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Шағыр мен Бақырша ауылдарында ауыз су мәселесі шешімін тапты

berdaly_oraz

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысының бұрынғы әкімі Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

berdaly_oraz