Қарағандыда жол жөндеу кезінде жұмысшы қаза тапты

дереккөз фото: turkystan.kz

Қарағанды қаласында жол жөндеу жұмыстары кезінде қайғылы оқиға орын алды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол жөндеп жатқан жұмысшы арнайы техниканың астына түсіп, оқиға орнында көз жұмды.

Қайғылы жағдай 2 шілде күні сағат 14:30 шамасында Республика даңғылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол жөндеу мекемесінде жұмыс істейтін 62 жастағы қызметкер арнайы техниканы артқа қарай жүргізген сәтте 53 жастағы әріптесін байқамай қағып кеткен.

Оқиға салдарынан зардап шеккен жұмысшы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттегі балабақшада бүлдіршіндерді соққыға жыққан тәрбиеші қамалды

Орман өрті: Абайдағы апат тағы қандай сабақ берді?

Redaktor Arysinfo

Арыста мемлекеттік қызметшілер арасында қалалық спартакиада өтті