Қазақстан шетелдік алма импортына уақытша шектеу енгізбек

Қазақстанда шетелден алма әкелуге уақытша тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр. Егер тиісті бұйрық күшіне енсе, биылғы 1 тамыздан 31 желтоқсанға дейін ел аумағына алма импорттауға шектеу қойылады.

Бұл бастама отандық бағбандарды қолдауға және ішкі нарықты жергілікті өніммен қамтамасыз етуге бағытталған. Күзгі өнім жиналатын кезеңде импортты шектеу қазақстандық алма өндірушілердің өнімін тиімді өткізуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Мамандардың айтуынша, уақытша шара ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесін арттырып, ауыл шаруашылығы саласының дамуына серпін беруге ықпал етеді. Сонымен қатар нарықтағы баға тұрақтылығы мен тұтынушылардың сұранысы да назарда болады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Төлебиде балаларға арналған модульді лагерь ашылды

Альфия Адамбек

«Ішіп алған»Павлодарда мектеп күзетшісі оқушыға қол көтерді

berdaly_oraz

 ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ ШИЕЛЕНІСТІҢ КҮШЕЮІ ӘЛЕМДІК МҰНАЙ НАРЫҒЫН ДҮР СІЛКІНДІРДІ

Альфия Адамбек