Қазақстандық дзюдошы Бейбарыс Сұлтан (+100 келі) Чехияның Прага қаласында өткен жастар арасындағы Еуропа кубогында күміс медаль жеңіп алды.
Отандасымыз финалға дейін сәтті жетіп, шешуші белдесуде Әзербайжан спортшысы Рамазан Ахмадовқа есе жіберді. Осылайша, Бейбарыс Сұлтан халықаралық додада күміс жүлдені еншіледі.
Айта кетейік, Прагадағы Еуропа кубогына әлемнің 33 елінен 455 жас дзюдошы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
