Әлемдік додада алғашқы қадам: Қазақстан боксшыларының қарсыластары кім?

Бокстан әлем кубогы: қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды
Бүгін Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing ұйымының бастамасымен әлем кубогының алғашқы кезеңі басталады. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы боксшыларының алғашқы қарсыластары белгілі болды.
Күндізгі сессия
• 54 келіде Назым Қызайбай түркиялық Айсен Таскинмен 2-ші болып рингке шығады.
• 60 келіде Жансері Көшербаев ирландиялық Джуд Галлахермен В рингінде 8-ші болып кездесу өткізеді.
• 90 келіде Дәулет Төлемісов бразилиялық, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Фильо Исайаспен А рингінде 10-шы болып күш сынасады.
Кешкі сессия
• 70 келіде Фарух Тоқтасынов ирландиялық Джон МакКоннелмен рингте 4-ші болып айқас өткізеді.
• 80 келіде Диас Молжігітов жапониялық Кай Ториабемен 13-ші болып жекпе-жекке шығады.
Айта кетейік, күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 19:00-де басталса, кешкі жекпе-жектер 01:00-де өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда байдарка мен каноэде есуден ересектер арасында ел чемпионаты басталды

«Қайрат» – «Реал Мадрид» 0:5 есебімен аяқталды

berdaly_oraz

Футболдан Қазақстан құрамасы 11 жылдан кейін жеңіске жетті

berdaly_oraz