Бектенов су саласын қатаң бақылауға алды: өңір әкімдеріне нақты тапсырма берілді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Су кеңесінің отырысында су ресурстарын тиімді басқару, гидронысандарды жаңғырту және су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері қаралды.

Жиында су қоймаларын жаңғырту, суару арналарының инфрақұрылымын дамыту, ауыз су жобаларын іске асыру және Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін енгізу барысы талқыланды. Үкімет басшысы өңірлерде кейбір жобалардың кешеуілдеп жатқанын сынға алып, әкімдіктерге қаржыландыруды жеделдетуді тапсырды.

Сонымен қатар Олжас Бектенов су үнемдеу технологияларын енгізу Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін айтып, бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді міндеттеді. Сондай-ақ министрліктерге гидротехникалық құрылыстардың цифрлық паспорттарын толық енгізу, трансшекаралық өзендердің су сапасына мониторингті күшейту және су саласындағы ақпараттық жүйелерді біріктіру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Жылыту маусымына 40 млрд теңге бөлінді

Түркістан төрінде “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің концерті өтті

Түркістандық жастар Отан алдындағы борышын өтеуге кетті