Тоқаев Қатардың бұрынғы Әмірінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Таниге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президент жеделхатында Қатар Мемлекетінің бұрынғы Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Танидің өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның Қатардың өркендеуі мен халықаралық беделінің артуына, сондай-ақ мемлекетаралық ынтымақтастықтың нығаюына елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Әмір шейх Тамим бен Хамад Әл Таниге, марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Қатар халқына қайғырып көңіл айтып, сабыр мен төзім тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Он жылдан кейінгі үміт: Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай елге орала ма?

berdaly_oraz

Бразилия – Марокко: бір-біріне дес бермеді

Redaktor Arysinfo

ТҮЛКІБАСТА БАСШЫЛЫҚҚА ТАҒАЙЫНДАУ

berdaly_oraz