Семейде оқушыны қорлаған жасөспірімдердің әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылды

Семейде 6-сынып оқушысын қорлаған жоғарғы сынып оқкшыларының ата-аналары ата-ана құқығынан айырылды.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Семей қаласында жасөспірімдер арасында жантүршігерлік оқиға орын алды. Бір топ жоғарғы сынып оқушылары өздерінен төменгі сынып оқитын оқушыны аяусыз соққыға жығып, оны еркінен тыс мүшеқап үрлетіп,азаптаған бейнежазба әлеуметтік желілерде таралып,қоғамда үлкен дүрбелең туғызды.

Бұл оқиға ата-аналар мен қоғамның ашу-ызасын туғызды. Қоғам белсенділері мен құқық қорғаушылар балалар арасындағы әлімжеттікке қарсы шұғыл шара қабылдау қажеттігін көтерді.

Оқиға тіркелгеннен кейін жергілікті құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастап, қылмыстық іс қозғады. Семей қаласының білім басқармасы мен психологтар жәбірленушіге психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ – КҮНДЕЛІКТІ ӨМІР САЛТЫНА АЙНАЛУЫ ТИІС

berdaly_oraz

Түркістан облысында жол ережесін бұзған той кортежі жауапкершілікке тартылды

berdaly_oraz

Арыс қаласының оқушысы ҰБТ-да 139 балл жинады

Альфия Адамбек