Жемқорлыққа жол жоқ: Қазығұртта адал қоғам қалыптастыру мәселесі талқыланды

Қазығұрт ауданында өткен «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» атты облыстық кездесу-семинарда адалдық қағидаттарын нығайту мен жемқорлықтың алдын алу мәселелері кеңінен сөз болды.

Жиынға мемлекеттік қызметшілер, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары, мекеме басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйым өкілдері және аудан белсенділері қатысты. Семинар барысында сарапшылар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік қызмет әдебі және заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытында маңызды баяндамалар жасады.

Кездесу барысында жаңадан қабылданған Конституцияның негізгі бағыттары, Халықтық кеңестің қызметі, алдағы Құрылтай сайлауы және мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі де жан-жақты талқыланды. Қатысушылар өзекті сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Аудан әкімі аппаратының басшысы әрі Әдеп жөніндегі уәкіл Қанат Иматов қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – әділетті мемлекет құрудың басты шарттарының бірі екенін атап өтті. Ол мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын қатаң сақтауы мен қызметтік автокөліктерді мақсатқа сай пайдалану мәселелеріне ерекше тоқталды.

Семинар қорытындысында қатысушылар адалдық пен заңға құрмет – әрбір азаматтың ортақ құндылығы екенін айтып, жемқорлықсыз қоғам қалыптастыру жолында бірлесе әрекет етудің маңызын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

“Мұстафа, Мұса, Хадия”: Шымкентте үшем дүниеге келді

Түркістан облысында тергеушіге алғыс айтылды: әділдік салтанат құрды

berdaly_oraz

АРЫС: ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Redaktor Arysinfo