«Абай әлемі: Ойдан – өнегеге» әдеби-танымдық апталығы аясында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Балауса» балалар сауықтыру лагерінде ойын-сауық және танымдық бағдарлама өтті.

Іс-шара барысында балаларға Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы кітап көрмесі таныстырылып, ақынның әдеби мұрасы мен рухани әлемі туралы мазмұнды ақпарат берілді.
Танымдық бөлімде қатысушылар екі топқа бөлініп, өзара білім сайысында бақ сынады. «Абайды білесің бе?» атты викториналық ойында балалар ақынның өмірі, шығармашылығы мен қара сөздеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.

Іс-шараның әсерлі сәттерінің бірі – қатысушылардың Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін хормен орындауы болды. Балалар өнерлерін ортаға салып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Танымдық бағдарлама соңында белсенділік танытып, білім сайысында үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға арнайы Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады

berdaly_oraz

Қазақстанда 215 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ «ҚҰРМЕТ» АРДАГЕРЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo