Өзекті сұрақтарға түсінікті жауаптар: ОСК сайтында «SAILAU AI» ЖИ-көмекшісі қолжетімді

«Үйден дауыс беруге қалай болады?», «Есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?», «Егер сайлаушылар тізімінде болмасаңыз, не істеу керек?» деген және басқа да сұрақтарға Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында қолжетімді Sailau AI ЖИ-көмекшінің көмегімен оңай жауап алуға болады.

ИИ-көмекші мемлекеттік және орыс тілдерінде тәулік бойы, аптасына 7 күн ақпарат ұсынады.
Ол AlemLLM тілдік моделі негізінде әзірленген.

ИИ-көмекші Қазақстан Республикасының Конституциясы, конституциялық заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ақпаратты іздеуге және ұсынуға арналған.

Sailau AI көмекшісін Telegram мессенджерінен де табуға болады.
Ұсынылатын жауаптардың сапасы мен дәлдігін арттыру мақсатында қазіргі уақытта ассистентті кезең-кезеңімен қосымша жетілдіру жұмыстары қатар жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа жылға миллиондар, Наурызға – көк тиын да жоқ: ұлттық мерекеге неге қаржы бөлінбеді?

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ АСПАЗДАР РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ДАУЫС БЕРДІ

berdaly_oraz

Жолда қалған жүк көлігінің шетелдік жүргізушісі қазақстандық полицейлерге алғысын білдірді

berdaly_oraz