Түркістан инвестиция мен туризмнің жаңа белесі

Соңғы жылдары Түркістан қаласы қарқынды даму жолына түсті. Қалаға құйылатын инвестиция көлемі жыл сайын артып, экономикалық өсім айқын сезілуде. Сонымен қатар, Түркі әлемінің туристік астанасы мәртебесіне ие болған шаһарға келушілер саны күрт өсіп, мәдени-туристік әлеуеті арта түсті.Бұны Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Инвестиция көлемі артып келеді

Инвестиция тарту деңгейі жыл сайын жоғарылап келеді. 2023 жылы қалаға 323,5 млрд теңге инвестиция тартылса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 400,2 млрд теңгеге жетіп, өсім айтарлықтай болды. Арнайы экономикалық аймақ пен индустриялық аймақта маңызды жобалар іске қосылып, жаңа зауыттар салынуда. Нәтижесінде өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі соңғы үш жылда 1,7 есе өсіп, 2024 жылы 34,8 млрд теңгені құрады. Бұл аймақтың индустриялық әлеуетінің нығайып келе жатқанын көрсетеді.

Туризм саласындағы серпін

2023 жылы Түркістан қаласына біркүндік келуші мен туристер саны 1 млн адамнан асып, соңғы үш жылда 165%-ға артқан. Шетелдік туристердің де қызығушылығы артып, 2023 жылы олардың саны 12,2 мың адамға жетсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 23,2 мыңға дейін өскен. Яғни, бір жылда 1,9 есе өсім тіркелді.

Түркістанның туристік тартымдылығының артуына тарихи-мәдени орындарды жаңғырту, жаңа қонақ үйлер мен демалыс кешендерінің ашылуы, инфрақұрылымның жақсаруы ықпал етуде. Сондай-ақ, қаланың Түркі әлемінің туристік астанасы мәртебесіне ие болуы халықаралық деңгейдегі шаралардың көбеюіне себепші болды.

Қаланың болашағы жарқын

Түркістанның даму қарқыны оның алдағы жылдары да инвестиция мен туризм орталығы ретінде өркендей беретінін көрсетеді. Қала әкімдігі мен кәсіпкерлердің бірлескен жұмысының арқасында өңір экономикасы жаңа деңгейге көтеріліп, Түркістан тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азияның маңызды орталықтарының біріне айналып келеді.

Бұл жетістіктер Түркістанды нағыз мәдени, туристік және экономикалық хабқа айналдыру жолында маңызды қадамдар болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» қоры Қайрат Сатыбалдыға қатысы бар үш компанияның иесі атанды

berdaly_oraz

Ұлытау облысындағы кеніш апаты: Қаза болған кеншілердің отбасыларына өтемақы төленеді

berdaly_oraz

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов есін жиды – ота 4 сағатқа созылды

berdaly_oraz

Пікір жазу