«ДАРЫН» СЫЙЛЫҒЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ 17 ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

Еліміздің ғылымы мен мәдениетіне, шығармашылық және қоғамдық өміріне үлес қосып жүрген талантты жастарды қолдауға бағытталған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына конкурс жарияланды.

Мемлекеттік сыйлық ғылым, әдебиет, өнер, журналистика, спорт және қоғамдық қызмет салаларында жоғары жетістіктерге жеткен 35 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтарына табысталады.

Байқау 10 номинация бойынша өтеді. Атап айтқанда, «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада» және «Халық шығармашылығы» бағыттары қамтылған.

Үміткерлерден құжаттар 2026 жылғы 17 маусымнан 17 қыркүйекке дейін қабылданады. Қағаз түріндегі құжаттарды Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 14-кіреберісіне тапсыруға болады. Ал электронды құжаттар daryn2026kz@gmail.com поштасы арқылы қабылданады.

«Дарын» сыйлығы – ел болашағы саналатын жас буынның еңбегін бағалап, олардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамытуға жол ашатын маңызды мемлекеттік марапат. Өз саласында тың жетістікке жеткен жастар үшін бұл байқау – еңбегін елге танытып, жаңа белеске ұмтылуға берілген үлкен мүмкіндік.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-05-25, 8 (7172) 74-18-43. Жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл облысында мотоцикл жүргізушісі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

berdaly_oraz

Қолөнер – ұлттың өшпес мұрасы

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында 25 жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды

berdaly_oraz