ҚҰРЫЛТАЙ: САУРАНДА САЙЛАУШЫЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ДӘМДЕР ҰСЫНЫЛДЫ

Сауран ауданында Құрылтай сайлауына келген азаматтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, сайлау күнінің мазмұнын айшықтайтын ерекше атмосфера қалыптасты. Сайлау учаскесіне келген азаматтар дауыс беріп қана қоймай, қазақ халқының дәстүрлі қонақжайлығының көрінісіне куә болды. Дастарханға ұлттық тағамдар қойылып, сайлаушыларға бауырсақ, қымыз-қымыран секілді ұлттық дәмдер ұсынылды.
Бұл бастама ел үшін маңызды күнді ұлттық құндылықтармен сабақтастыра отырып, сайлау учаскесіндегі жағымды көңіл-күйді қалыптастыруға бағытталған. Қазақы дастарханның сәнін келтірген бауырсақ пен қымыз-қымыраннан дәм татқан тұрғындар үшін бұл күннің естен кетпес сәттерінің біріне айналды. Ұлттық тағам ұсыну арқылы халқымыздың ежелден келе жатқан қонақжайлық дәстүрі де дәріптелді.
Айта кетейік, Сауран ауданында 42 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Аудан бойынша 53 310 азамат дауыс беру құқығына ие.

Ұқсас жаңалықтар

Табиғат — ата-бабадан қалған аманат

berdaly_oraz

Ордабасылықтар 100 пайыз табиғи газбен қамтылмақ

Альфия Адамбек

ПРЕЗИДЕНТ МӘДЕНИЕТ ӨКІЛДЕРІН МАРАПАТТАДЫ

Redaktor Arysinfo