«Күдіктілер арасында әскери қызметкер бар» Сарыағашта мүгедектігі бар жас жігітті айдалада өлтіріп кетті

Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында жантүршігерлік қылмыс тіркелді. 19 жастағы, 2-топтағы мүгедектігі бар Жасұлан Әбдіманап белгісіз біреулердің қолынан қаза тапты. Оны елсіз жерге апарып, 14 рет пышақтап өлтірген. Марқұмның денесін екі күн өткен соң, 22 ақпанда, ауыл шопаны тауып, полицияға хабар берген.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, қылмысқа күдікті азамат марқұмға қысым көрсетіп, 280 мың теңге көлемінде несие алдырған. Ең таңғаларлығы – күдіктілердің бірі әскери қызметкер болып шықты.

Бұл оқиға қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп, қылмысқа қатысы бар барлық күдіктілерді анықтау үстінде. Қоғам әділдік орнап, кінәлілер заң жүзінде қатаң жазаланады деп үміттенеді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте Нұржан Қосмамбет атындағы бокс академиясы ашылды

Түркістанда асық атудан ел чемпионаты басталды

Түркістан облысының спортшылары — республикалық спартакиада жеңімпаздары

Альфия Адамбек

Пікір жазу