Тазалық – бір күндік науқан емес, күн сайынғы жауапкершілік

ЕҢБЕКТІ БАҒАЛАЙЫҚ!

Қала таза көрінгенімен, оның артында таң атпай жұмысқа кірісіп, көшені сыпырып, қоқысты жинап, арамшөпті шауып, шаһардың ажарын айшықтап жүрген коммуналдық сала қызметкерлерінің маңдай тері бар.

Бүгінгі сенбілікте де еңбек адамдары қала іші мен шеткері аумақтарды қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын атқарды. Бір қарағанда қарапайым көрінетін бұл жұмыс – күн сайын қайталанатын тынымсыз еңбек.

Сондықтан сол еңбекті бағалайық!

Құрметті жерлестер! Тазаланған аумаққа қоқыс тастап, табиғат пен қаланың тазалығына немқұрайлы қарамайық. Біреудің бірнеше сағаттық еңбегін бір сәттік жауапсыздығымызбен жоққа шығармайық.

Қоқысты белгіленбеген жерге тастамау – мәдениеттіліктің қарапайым белгісі. Қаланы таза ұстау тек коммуналдық қызметтің емес, әр азаматтың ортақ міндеті.

Арыс – біздің ортақ үйіміз. Оның тазалығы да, көркі де, болашағы да өз қолымызда.

 Өз қаламызға өзіміз жанашыр болайық!
Тазалықты талап етпей тұрып, оны өзімізден бастайық!

Ұқсас жаңалықтар

13 жастағы Жасмина Түзелова «Славян базарында» жүлдегер атанды

Redaktor Arysinfo

Шымкентте жігіт жүріп жүрген қызын өлтіріп, мәйітін қорлаған

АРЫСТА БІРІНШІ ҚОҢЫРАУ: ҚАЛА ӘКІМІ ОҚУШЫЛАРҒА АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

Redaktor Arysinfo