Арыста халық денсаулығына қатысты комиссия отырысы өтті

2026 жылғы 19 ақпанда Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы ұйымдастырылды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов төрағалық етті. Оған комиссия мүшелері мен жауапты бөлімдердің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде қала аумағындағы құтыру, паразитарлық сырқаттар және вакцина арқылы бақылауға алынатын инфекциялар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық жағдай талқыланды.
Арыс қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Құрбанбай Егенбердиев баяндама жасап, эпидемиологиялық ахуалға талдау жүргізді. Ол жоспарлы иммундау науқанының орындалу барысын, тұрғындар арасында жүргізіліп жатқан түсіндіру шараларын және инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстарды атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге профилактикалық іс-шараларды күшейту, екпе қамту деңгейін арттыру және санитариялық талаптардың сақталуын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.

Ұқсас жаңалықтар

«Арыс-Антитеррор-2025» терроризмге қарсы жедел оқу-жаттығулары өтті

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨРЕНІ АЗАМАТ МАҚҰЛБЕКОВ ЖАҢА РЕКОРД ОРНАТТЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістанда халықаралық бизнес-форум өтті

Альфия Адамбек