МАҚТАНЫ ШИКІЗАТ ЕМЕС, ДЖИНС МАТАСЫНА АЙНАЛДЫРАМЫЗ

Түркістанда 25,8 млрд теңгелік жаңа тоқыма фабрикасы салынып жатыр.

«TURAN» арнайы экономикалық аймағында «Hygeia Textile Kazakhstan» ЖШС мақта-мата жіптері мен джинс матасын өндіретін заманауи кәсіпорын салуда. 20 гектар аумақта жүзеге асырылып жатқан жобаның алғашқы кезеңін 2026 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған.

Кәсіпорын толық қуатына шыққанда 1000-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Жоба Түркістанда өндірілетін мақта шикізатын терең өңдеп, қосылған құны жоғары дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Қазір өндірістік ғимараттардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Инженерлік инфрақұрылым – электр, газ, су желілерін тарту жұмыстары да аяқталуға жақын.

Жобаның іске асуы Түркістанның өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, мақта өсіретін өңірден мақтаны өңдеп, дайын өнім шығаратын индустриялық орталыққа айналуына жол ашады.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТАҒЫ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Арыста «Мөлдір бұлақ» сенбілігі өтті

berdaly_oraz

ЖЕТІСАЙДА «ЖЕТІСАЙ СПОРТ КЛУБЫНЫҢ» 5 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

berdaly_oraz