ҚАРЫМДЫ ЖАС — ҚУАТТЫ ӘСКЕР

2025 жылдың 1 наурыз күні елімізде көктемгі әскерге шақыру жұмыстары басталды. Осыған орай, Арыс қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде әскерге шақыру комиссиясының төрағасы, Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлының қатысуымен жиын өтті.

Аталған жиналысқа шақыру жұмыстарының комиссия құрамы, яғни дәрігерлік комиссиясы, ауылдық округтердің әскери есеп мамандары және шақырылушылармен жұмыс жүргізу инспекторлары қатысты. Онда көктемгі шақыру жұмыстарын сапалы әрі уақытылы өткізу жөнінде айтылды.

Сонымен қатар алдын-ала іріктелген азаматтар дәрігерлік медициналық тексеруден өткізілді. Тексеруден оң қорытынды алған азаматтардың алғашқы легі ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жөнелтілетін болады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда мерзімді әскери қызметті өткерген азаматтарға көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Олар елімізде жоғары оқу орындарында тегін білім ала алады. Сондай-ақ, офицер атағын алу үшін ЖОО-ның әскери кафедрасына, немесе Жоғары оқу орнына емтихансыз грант негізінде түсу мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ, мерзімді әскери қызметін өткерген барлық азаматқа Ұлттық бірыңғай тестілеуді есепке алмай, әскери борышын өтеген соң екі жыл ішінде жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, әскери борышын өтегенде 14 айлық кредиттік каникул беріледі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалығы: Жетісайда жалпыхалықтық тазалық шарасы өтті

Арыс қаласындағы Ардагерлер орталығында қоғамдағы отбасы құндылығы туралы іс-шара өтілді

berdaly_oraz

Шымкентте 640 млн теңгеге жалған шот-фактура жазған компания басшысы сотталды

berdaly_oraz

Пікір жазу