ТҮРКІСТАННЫҢ ӘСЕЛІ АЗИЯНЫҢ КҮМІСІН ЖЕҢІП АЛДЫ!

Түркістандық каратэ шебері Әсел Қанай Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында ел намысын абыроймен қорғап, күміс жүлдеге ие болды.

61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз кумитэ бәсекесінде ширек финалда Моңғолия спортшысын 9:1, жартылай финалда Камбоджа өкілін 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Шешуші кездесуде Әсел әлемдік аренада тәжірибесі мол Қытай спортшысы Гун Лиге қарсы татамиге шықты. Нәтижесінде түркістандық спортшы күміс жүлдені місе тұтты.

Бұл – Әсел Қанайдың Азия ойындарындағы нәтижесін жақсартқан маңызды жетістік. Бұған дейін Ханчжоуда өткен құрлық додасында қола медаль алған спортшы бұл жолы бір саты жоғары көтерілді.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері әрі Азия чемпионы атанған Әсел Қанайдың бұл жеңісі – Түркістан спортының тағы бір биік белесі.

Татамиде тайсалмаған Әсел ел мерейін үстем етіп, Түркістанның спорттағы даңқын тағы бір мәрте асқақтатты! 🇰🇿🥈

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1000 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН ЗАУЫТТЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ

Redaktor Arysinfo

Мақтааралда Балаларды қорғау күні кең ауқымда аталып өтті

berdaly_oraz

«SENAT OPEN» ашық кубогының жеңімпаздары анықталды