«ҚАРАУСЫЗ МАЛҒА — ҚАТАҢ ШАРА»: ТҰРҒЫНҒА 30 АЕК АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Қала аумағында малын қараусыз жіберген тұрғынға әкімшілік жауапкершілік қолданылды. Ескерту жасалып, бұған дейін жауапқа тартылғанына қарамастан, тұрғын бұл әрекетін қайталаған.

Қайталанған құқық бұзушылық үшін оған ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы негізінде 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Малдың көшеде қараусыз жүруі жол қозғалысына қауіп төндіріп, абаттандыру нысандары мен жасыл желекке зиян келтіруі мүмкін.

Әкімдік тұрғындарға мал ұстау талаптарын сақтап, төрт түлікті қараусыз жібермеуді ескертеді. Ережені елемеу — айыппұлға әкеледі.

Ұқсас жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

berdaly_oraz

Түркістан облысында «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы қарқынды дамуда

berdaly_oraz

«Xinjiang Lihua» Қазақстандағы инвестициясын 600 млн долларға дейін арттырмақ

berdaly_oraz