ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭНЕРГЕТИКТЕР ТОП ЖАРДЫ

Қазақстандық энергетиктер Түркияда өткен халықаралық кәсіби шеберлік байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.

21-23 қыркүйек күндері Анкара қаласындағы TEDAŞ оқу-жаттығу полигонында өткен байқауға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы елдердің энергетика саласының мамандары қатысты.

Үш күнге созылған бәсекеде мамандардың кәсіби білімі мен практикалық шеберлігі, еңбек қауіпсіздігін сақтау деңгейі және командалық үйлесімі сынға түсті.

Қазақстан атынан сынға түскен «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС командасы барлық кезеңде тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, нәтижесінде I орынға ие болды. Осылайша қазақстандық энергетиктер кәсіби біліктілігін халықаралық деңгейде тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жүлделі орындардан Әзірбайжан мен Түркия командалары да көрінді.

Байқау қорытындысында ұйымдастырушылар келесі жылғы халықаралық кәсіби шеберлік сайысын Қазақстанда өткізу туралы ұсыныс білдірді.

Айта кетерлігі, «Оңтүстік Жарық Транзит» командасы өткен жылы да аталған додаға қатысып, III орын иеленген болатын. Биылғы жеңіс – қазақстандық мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдап, халықаралық аренадағы нәтижесін жақсарта түскенінің айғағы.

Ұқсас жаңалықтар

Қайтарымсыз грант алуға өтінім қабылдау 21 мамырда басталады

berdaly_oraz

Бәйдібектің өнері жарқырады: облыстық фестивальде жартылай финалға жолдама

berdaly_oraz

Арыста «Мөлдір бұлақ» ұранымен сенбілік өтті

berdaly_oraz