ТОҚАЕВ: «РЕФОРМАЛАР ОСЫМЕН БІТТІ ДЕП АЙТУҒА БОЛМАЙДЫ»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының ашылуында еліміздегі саяси жаңғыру үдерісі жалғасатынын айтты.

Президент жаңа институттың мемлекетіміздің саяси жүйесінде айрықша орын алатынын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Халық Кеңесі конституциялық мәртебесі бар бірегей институтқа айналуы тиіс.

«Қазір Қазақстан ауқымды өзгерістер кезеңін бастан кешуде. Қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі реформалар іске асырылуда. Алайда реформалар мен өзгерістер осымен өз мәресіне жетті деп мүлдем айтуға болмайды. Бұл жұмыс міндетті түрде жалғасады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы билік жүйесін заман талабына сай жаңғырту жұмыстары қолға алынғанын атап өтті. Президенттің сөзінше, Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы – осы өзгерістердің айқын көріністерінің бірі.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста “Таза Қазақстан” аясында киелі мекендерге тазалық жұмыстары жүргізілді

Ордабасыда 10 мыңға жуық тал көшеті отырғызылды

berdaly_oraz

Азаттықтың жабылуын қолдайтындар тәуелсіз журналистикадан қорқады – Қалима Тәжіқұл

berdaly_oraz