Асхат Аймағамбетов «Назарбаев университетіндегі» отандық мамандардың аздығына алаңдаушылық білдірді

Асхат Аймағамбетов «Назарбаев университетіндегі» отандық мамандардың аздығына алаңдаушылық білдірді,-деп хабарлайды Arysinfo.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «Назарбаев университетінің» кадрлық саясатына қатысты сын айтты. Оның сөзінше, еліміздегі ең беделді оқу орны бола тұра, университеттің декандық лауазымдарында қазақстандық мамандардың үлесі өте төмен.

«15 жыл өтті, бірақ қазақстандық мамандар әлі де шетте қалып отыр»

Аймағамбетов университеттің алғаш құрылған жылдары шетелдік профессорлар мен менеджерлерді тарту дұрыс шешім болғанын мойындады. Алайда 15 жылдан астам уақыт өтсе де, жергілікті ғалымдар мен басқарушылардың академиялық ортаға толыққанды кіріге алмауы – ойлантатын мәселе.

– Қазіргі таңда университет декандарының ішінде тек біреуі ғана – Қазақстан азаматы. Ал жергілікті мамандар негізінен әкімшілік қызметтерде, яғни көмекші персонал ретінде ғана жұмыс істейді. Бұл жағдайды өзгерту керек. Шетелдік мамандардың үлесі сақталуы тиіс, бірақ қазақстандық мамандар үшін де тең мүмкіндіктер жасалуы қажет. Академиялық ортада тепе-теңдік болғаны маңызды, – деді депутат.

«Рейтинг қуалаудың орнына, жергілікті кадрларды тарту керек»

Аймағамбетовтің пікірінше, университеттің қазіргі басшылығы халықаралық рейтингтерге тым көп көңіл бөліп отыр. Бұл саясат білім беру сапасына қалай әсер ететіні – бөлек сұрақ. Ол университеттің жабық клуб моделінен бас тартып, қазақстандық ғалымдар мен басқарушыларды белсенді түрде тартуы керектігін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

«ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

berdaly_oraz

Қытайда аса ірі жемқорлық ісі бойынша бұрынғы әкім өлім жазасына кесілді

berdaly_oraz

Шымкенттік оқушы әлемнің үздік университеттерінен шақырту алды

berdaly_oraz