ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ МІНДЕТ: ТҮРКІСТАНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Әр сенбі сайын ұйымдастырылатын жалпықалалық сенбілік шаһардың көркін арттырып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған.

Бүгін қала әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарға шығып, көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартты. Сонымен қатар қала аумағында шөп шабу жұмыстары жүргізіліп, санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге басымдық берілді.

Тазалық жұмыстары Ы. Исмайлов, Шойынбет би, Одақтақ, Т. Қайратов, С. Жарылқапов, Р. Сейітметов, Байылдыр, Арыс, Жабағылы, Келіншектау, Бөген, Құлтөбе, Т. Айменов, Үш төбе, Тұран, С. Ыбыракимов, Құдас Жүнісбеков, Қойлық, Рысқұлов, Қалдаяқов, Отырар, Дәулет және Сапарбай болысы көшелерінде, сондай-ақ бірқатар бұрылыс аумақтарында атқарылды.

Тазалық – бір күндік науқан емес, күнделікті мәдениеттің көрінісі. Қаланың көрікті келбетін сақтау тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Сондықтан қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, қоғамдық орындарды таза ұстау және тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерлерге тастамау – баршамызға ортақ жауапкершілік.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Түркістанның таза, жасыл әрі жайлы қалаға айналуы әр азаматтың белсенділігі мен тазалыққа деген жауапкершілігіне байланысты.

Түркістанның тазалығы – тұрғындардың мәдениеті мен ортақ еңбегінің айнасы!

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі кәсіпкерлікті дамытуды тапсырды

Альфия Адамбек

«КӨПТЕН КҮТКЕН ҚУАНЫШ»: БАЙЫРҚҰМҒА БИЫЛ ГАЗ ЖЕТІП, ЖАҢА СПОРТ ЗАЛ САЛЫНУДА

berdaly_oraz

Өңір жаңалығы: Келесте білім бөлімінің басшысы 7 жылға сотталды