КӨШЕГЕ КІР СУ ТӨККЕН ТҰРҒЫН ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

қоғамТүркістан облысында қоғамдық тазалық талаптарын бұзған тұрғынның заңсыз әрекеті полицейлердің араласуымен тоқтатылды. Төлеби ауданында үйінен шыққан кір суды көшеге ағызған азаматша анықталып, оған қатысты әкімшілік шара қолданылды.

Полиция қызметкерлерінің рейдтік іс-шаралары барысында 38 жастағы тұрғынның үйінен шығатын ағын су құбырын көшеге бағыттағаны белгілі болды. Соның салдарынан лас су қоғамдық аумаққа жайылып, санитариялық талаптар бұзылған.

Мұндай әрекеттер қоршаған ортаның ластануына, жағымсыз иістің пайда болуына және тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан қоғамдық орындардың тазалығын сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті.

Учаскелік полиция инспекторлары тұрғынға заң талаптарын түсіндіріп, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде азаматша өз әрекетінің заңсыз екенін түсініп, ағын су құбырын ретке келтірді.

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері Төлеби ауданы аумағында тазалық талаптарын бұзған 1000-нан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары тұрғын үйлерді аралап, мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және күмәнді жағдайлар туралы полицияға дер кезінде хабарлау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Тазалық – ортақ жауапкершілік. Көшеге қоқыс пен лас су төгуге жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және айналаны таза ұстау – баршаға ортақ міндет.

Ұқсас жаңалықтар

Дербісекте үлкен дау: су ұңғымасының тағдыры сотта шешілмек

ҰБТ-дан 140 балл жинаған түркістандық жігітке пәтер сыйланды

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ

berdaly_oraz