Түркістан облысында полицей қыз-келіншектер марапатталды

Түркістан облысы Полиция департаментінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік шара өтті. Салтанатты жиында департамент бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов әйел қызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтап, олардың ішкі істер саласындағы еңбегін жоғары бағалады.

«Сіздер қоғамымыздағы кез келген салада абыройлы еңбек етіп, елдің дамуына өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Оның ішінде ішкі істер органдарындағы қызметтеріңіз айрықша құрметке лайық», – деп атап өтті департамент басшысы.

Іс-шара барысында қызметінде адалдық пен мінсіздік танытқан полиция қызметкерлері марапатталды. Атап айтсақ, ҚР Ішкі істер министрлігінің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция подполковнигі Ж.Әбдібекова мен полиция майоры Д.Сейдалиева марапатталды. Сондай-ақ «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі полиция майоры Ж.Нұржігітоваға табысталды.

ҚР ІІМ-нің Алғыс хатымен полиция майоры Э.Альшерова, полиция капитаны А.Құлмағамбетова және полиция ардагері А.Бекбауова марапатталды. Бұдан бөлек, департамент бастығының Грамотасы мен Алғыс хаттары полиция подполковнигі Меруерт Әбдіқадырқызы, полиция подполковнигі Аида Смағұл, полиция подполковнигі Айгүл Құдайбергенова, полиция аға лейтенанты Гүлнар Абдужаппарова бастаған шенді аруларға табысталды.

Түркістан обл ПД

 

Мерекелік жиын облыстық өнерпаздар мен полиция қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасып, жеке құрамға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Бұл шара ішкі істер органдарында еңбек ететін қыз-келіншектердің еңбегін бағалап, олардың қоғамдағы рөлін айқындай түсті.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ МАМЫР АЙЫНА АУЫСТЫРЫЛДЫ

berdaly_oraz

Трамп ядролық қарудан бас тартуға шақырды

berdaly_oraz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

berdaly_oraz

Пікір жазу