АРЫСТА «ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ» ҰРАНЫМЕН СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін Арыс қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Ұлы тұлғаларға құрмет – ұрпаққа міндет» ұранымен жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстарының негізгі бөлігі қала орталығындағы «Құрметті азаматтар аллеясында» жүргізілді. Мұнда аллея аумағы ретке келтіріліп, тазалық жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, қала көшелерінің бойы мен арық-атыздар қоқыстан тазартылып, қоғамдық орындардың көркін жақсартуға көңіл бөлінді.

Бұл бастаманың мәні – қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, елге еңбегі сіңген тұлғалардың есіміне құрмет көрсетіп, өскелең ұрпаққа тазалық пен туған жерге жанашырлықтың үлгісін таныту.
Тазалық – ортақ жауапкершілік. Сондықтан туған қаламыздың көркеюіне үлес қосу әрбір тұрғынның азаматтық міндеті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда ерекше жандарға қамқорлық күшейді: нақты нәтижелер мен жаңа мүмкіндіктер

berdaly_oraz

СОЗАҚТА АУДАН БАСШЫСЫ ЖАС БИШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

berdaly_oraz

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ — НОВАЯ ПЛОЩАДКА ДЛЯ ДИАЛОГА ОБЩЕСТВА И ВЛАСТИ

Redaktor Arysinfo