СОЗАҚТА АУДАН БАСШЫСЫ ЖАС БИШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Дереккөз, фото: Созақ ауд әкімдігі

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы Баласағұн мәдениет сарайында өткен «By style» көпжанрлы байқауында Бас жүлдені жеңіп алған «Эделвейс» би үйірмесінің жас бишілерін қабылдап, құрмет көрсетті.

Кездесуге өнерлі бүлдіршіндермен бірге олардың ата-аналары мен әжелері қатысып, балаларға жасалып жатқан қолдау үшін алғыстарын жеткізді. Жиын барысында жас өнерпаздардың сахна мәдениеті, би өнеріне деген қызығушылығы мен жетістіктері туралы айтылып, олардың табысы аудан мақтанышы екені атап өтілді.

Аудан басшысы жас бишілердің жеңісін жоғары бағалап, мұндай жетістіктер аудан мерейін арттыратынын жеткізді. Сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда жетекшілер мен ата-аналардың еңбегі маңызды екенін айтты.

Кездесу барысында «Эделвейс» би үйірмесінің жетекшісі Ләнде Жәудір Асқарқызының еңбегі де ерекше аталып өтті. Оның шығармашылық ізденісі мен тынымсыз еңбегінің арқасында жас бишілер түрлі байқауларда табысты өнер көрсетіп келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс футбол клубы өз алаңында айқын жеңіске жетті

Қаңтардан қалған қарулар табылды: бес айда 1 200-ден астам қару тәркіленді

Redaktor Arysinfo

2025 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурстық өтінімдерді қабылдау басталды

Альфия Адамбек