Алматыда Жириновскийдің ескерткіші ашыла ма?

2026 жылдың сәуір-мамыр айларында Алматыда Ресейдің ЛДПР партиясының негізін қалаушы Владимир Жириновскийге ескерткіш орнатылуы мүмкін. Бұл туралы Arysinfo.kz  ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлады.

ТАСС таратқан мәліметке сәйкес, Саранск және Алматы қалаларында саясаткердің туғанына 80 жыл толуына орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, оның құрметіне ескерткіш орнату жоспарланған. Жириновский 2022 жылы 75 жасында қайтыс болған.

Бұл жаңалық қазақстандық қоғамда түрлі пікір тудырды. Себебі Жириновский өзінің Қазақстанға қатысты мәлімдемелерімен бірнеше рет дау тудырған тұлға. Ол Қазақстанның аумақтық тұтастығына күмән келтірген және бірнеше рет елдің егемендігіне қатысты даулы пікірлер айтқан.

Қазіргі таңда бұл ескерткіштің нақты орнатылатыны жөнінде Қазақстан билігінен ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Егер мұндай бастама шынымен көтерілсе, оның қоғамдық пікірді екіге бөлуі әбден мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған ХХХІ халықаралық турнир өз мәресіне жетті

TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа функцияларды іске қосады

berdaly_oraz

Арыс қаласында автобустар Қадыр түніне орай тегін қызмет көрсетеді

berdaly_oraz

Пікір жазу