ТҮРКІСТАН: ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен идеологиялық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында өңірдегі идеологиялық жұмыстың басым бағыттары, мемлекеттік саясат пен бағдарламаларды іске асыру барысы талқыланды. Мәжіліске құқық қорғау органдарының өкілдері, басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары селекторлық режимде қатысты.

Кеңес барысында Ертай Алтаев өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, мәдениет пен руханият саласындағы жұмыстарды жандандырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындау қажеттігін атап өтті. Осы бағытта жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

Жиында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткізілетін «Есірткісіз болашақ» нашақорлыққа қарсы форумына дайындық барысы да қаралды. Сонымен қатар есірткіге тәуелділіктің алдын алуға бағытталған 10 күндік профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру жоспары талқыланды.

Бұдан бөлек, Түркістан қаласының 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атануына байланысты өңірдің туристік әлеуетін арттыру мәселесіне басымдық берілді. Атап айтқанда, туроператорлармен байланысты нығайту, туристік бағыттарды дамыту және шетелдік әрі отандық туристер ағынын көбейту бойынша жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.

Кеңес қорытындысында облыс әкімінің орынбасары белгіленген міндеттердің орындалуы тұрақты бақылауда болатынын ескертіп, жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарларына идеологиялық бағыттағы жұмыстарды жүйелі, нәтижелі әрі сапалы жүргізуді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының спортшылары жүзуден Қазақстан чемпионатында 11 жүлде иеленді

Арыста бас жоспар талқыланды: Қоғамдық тыңдаудың алғашқы отырысы өтті

berdaly_oraz

СОЗАҚ АУДАНЫНДА ҚЫСҚЫ КҮНДЕРДЕ ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ТАЙҒАҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙДІ

berdaly_oraz