ТҮРКІСТАНДА САБЫР РАҚЫМОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН XXX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Түркістан қаласында Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, генерал-майор Сабыр Омарұлы Рақымовты еске алуға арналған еркін және әйелдер күресінен жастар арасындағы XXX халықаралық турнир мәресіне жетті.

Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен мерейтойлық дода биыл 30-шы рет ұйымдастырылды. Дәстүрлі жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Грузия мемлекеттерінен және еліміздің барлық өңірінен 1000-ға жуық жас балуан қатысты. Оның ішінде 650 ер бала мен 350 қыз бозкілемде бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.

Халықаралық жарыста Түркістан облысының жас спортшылары да жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.

Атап айтқанда, еркін күрестен 97 келі салмақ дәрежесінде Айтуған Нұрислам күміс медаль иеленді. Ал 125 келіде Төлеуов Есбол, 52 келіде Нұрадин Асқар және 92 келіде Ибрагим Бекзат қола жүлдегер атанды.

Әйелдер күресінен 53 келі салмақта Көпжасар Арайлым қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды. 62 келіде Нұрла Балнұр күміс жүлдеге қол жеткізсе, 72 келіде Алтынбек Нұрай қола медаль иеленді.

Осылайша, Түркістан облысының балуандары XXX халықаралық турнирді 1 алтын, 2 күміс және 4 қола медальмен қорытындылады.

Айта кетейік, Сабыр Рақымовты еске алуға арналған бұл дәстүрлі жарыс жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, халықаралық тәжірибе жинақтауына, сондай-ақ өңірде күрес спортын дамытуға мүмкіндік беретін маңызды спорттық алаңға айналып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

«Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді

Redaktor Arysinfo

САЙРАМДА ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

berdaly_oraz

Қазақстан Республикасы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай «Ақ жол» Демократиялық партиясының мәлімдемесі

Redaktor Arysinfo