Нұрдәулет Әбдуәлі Арыс қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер

1999 жылы Арыс қаласында дүниеге келген Нұрдәулет Әбдуәлі №5 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат болып отыр. Ол 2017–2021 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Тарих және дінтану» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолында шығармашылық, кәсіпкерлік және қоғамдық салаларда қызмет атқарған. 2019–2024 жылдары «Миллион» шығармашылық командасының директоры болып, «Жездуха» веб-сериалы мен толықметражды фильмінің түсірілімі және прокатына жетекшілік еткен. 2020 жылдан бері «KAWS GROUP» мейрамханалар желісін басқарады. Ал 2026 жылдан бастап «Арыс» футбол клубының директоры қызметін атқарады.

Кандидаттың айтуынша, оның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттар – қала инфрақұрылымын жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау, жастарға мүмкіндік жасау, спорт пен мәдениетті дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысу. Бағдарламада көшелерді жөндеу, жарықтандыру, ауызсу мен газ, электр және кәріз жүйелеріне қатысты мәселелерді көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету, балалар мен жасөспірімдер спортына қолдау көрсету мәселелері қамтылған. Сондай-ақ ол сайланған жағдайда тұрғындармен тұрақты кездесіп, өтініштерді назарға алуға және атқарылған жұмыс туралы есеп беруге ниетті екенін мәлімдеген.

Ұқсас жаңалықтар

Налоговая нагрузка в Казахстане: кто реально платит больше — крупный бизнес или МСБ?

Redaktor Arysinfo

Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында әкімдік 2025-2027 жылдар аралығында бірқатар жаңа шараларды қолға алмақ

berdaly_oraz

Түркістанда этнос жастары арасында «Бірлік» спорттық сайыстары өтті

berdaly_oraz