№5 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына кандидат ЖОЛДАСБЕКОВ МАРАТ ОРЫНБАСАРҰЛЫ

ҮМІТКЕРДІҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ

Мен, Жолдасбеков Марат Орынбасарұлы, 1991 жылғы 6 қаңтар күні  Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келдім. Туған жерімде өсіп, білім алып, еңбек жолымды қалыптастырдым. Бүгінде Арыс қаласының дамуына өз үлесімді қосуды азаматтық міндетім деп санаймын.

Білімім жоғары. 2008–2014 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде білім алып, «Автоматтандыру және басқару» мамандығын тәмамдадым.

2014–2024 жылдар аралығында «Түркістан асылдандыру орталығы» ЖШС, «Камаз» Шымкент Автоорталығы» ЖШС директоры қызметін атқардым. Сондай-ақ, әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына атсалыстым. Осы кезеңде басқару, ұйымдастыру және кәсіпкерлік бағыттарында мол тәжірибе жинақтадым.

2024 жылдан бастап «Асыл тұқымды қойлар» республикалық палатасының директоры қызметін атқарып келемін. Палата қылшық жүнді және жартылай қылшық жүнді құйрықты қойлардың өнімділік бағыттарын дамытуға жұмыс істейді.

Кәсіби қызметіммен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қайырымдылық бастамаларын қолдауға үлес қосудамын.

Өмірлік ұстанымым Арыс қаласының дамуына перзенттік үлес қосу. Халықтың сенімін ақтау, тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асу және нақты нәтижеге бағытталған бастамаларды қолдау – менің басты қағидам.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Арыстың дамуы – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!

1. Инженерлік инфрақұрылым: су, газ және электр қуаты

Өңірге инвесторлар тарту арқылы қаланың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал ету, ескірген электр трансформатор мен электр бағаналарын жаңарту, электр қуатының кернеуін тұрақтандыру мәселесін көтеру, табиғи газ қысымының төмендеуі мен тұрақсыздығын реттеуге ықпал ету, ауызсу қысымын қалыпқа келтіру және тозығы жеткен құбырларды кезең-кезеңімен ауыстыру жұмыстарын бақылау, арық жүйелерін тазалау, жаңарту және жауын-шашын суын бұруға арналған дренаж жүйелерін дамыту.

2. Жол сапасы, көше жарығы және қауіпсіздік

-№5 сайлау округіндегі 15-тен аса көшелер мен «Оңтүстік» мөлтек ауданындағы жолдарды кезең-кезеңімен асфальттауға ықпал ету, көшелерді жарықтандыру, көшелерге жол белгілері мен жасанды кедергілер орнатуға ықпал ету.

3. Тазалық, экология және қоғамдық тәртіп

Қоқысты уақытылы шығару жүйесін бақылау, иесіз жануарлар мәселесін заң талаптарына сәйкес реттеу, Арыс қаласын көріктендіру, абаттандыру мәселесін жетілдіру.

4. Балалар, жастар және қоғамдық қолайлылық

Балалар ойын алаңдары мен заманауи спорт алаңдарын салу мәселесін көтеру, жастарға арналған «workout» және шағын футбол алаңдарын көбейтуге ықпал ету, қоғамдық көлік қатынасын жақсарту және қолайлы аялдамалар орнату.

5. Ашық диалог және халықпен тұрақты байланыс

Жергілікті тұрғындарымен тұрақты байланыс орнату, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алып, өзекті мәселелерді тиісті мекемелер алдында көтеру, №5 сайлау округінің қажеттіліктерін қалалық бюджетке енгізу және қаражаттың тиімді бөлінуіне ықпал ету.

 

Жарияланым ақысы №5 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Жолдасбеков Марат Орынбасарұлының бюджеттік сайлау қорынан төленді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда тәуелсіз медициналық сарапшылар институты енгізілді

berdaly_oraz

«Жалған ақпарат»Әлеуметтік желілерде мектептерде балаларға есірткі қосылған кәмпит таратылып жатқаны туралы видео тарады

berdaly_oraz

Арыста жасөспірімдер арасында халықаралық бокс турнирі өтуде

berdaly_oraz