NXplorers: Nature’s Code 2026 Астанада оқушыларды, студенттер мен педагогтерді біріктіреді

Биыл 20 қарашада Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында (Пирамида, Тәуелсіздік даңғылы, 57) «NXplorers: Nature’s Code 2026» атты V республикалық ғылыми-көпшілік фестиваль өтеді.

Фестиваль мектеп оқушыларын, колледж студенттерін, педагогтерді, кураторларды және Қазақстанның білім беру экожүйесінің өкілдерін бір алаңға жинайды. Іс-шара Shell NXplorers халықаралық бағдарламасы аясында өтеді. Оны «Шелл Қазақстан» компаниясының қолдауымен «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырады.

Фестивальдің негізгі идеясы — «Болашақтың кодын аш / Раскрой код будущего / Unlock the Code of the Future».

Біз әдемі, үйлесімді әрі сәнді деп санайтын дүниенің бәрін табиғат бізден бұрын-ақ ойлап тапқан. Назар, түс, дыбыс және өзгеру қабілеті — табиғаттың төрт коды. Әр код арқылы қатысушылар NX-ойлаудың бір түрімен және NXplorers құралдарының бірімен танысады, ал әдістеменің өзін іс жүзінде меңгереді. Фестиваль өтетін орын да осы идеямен үндеседі. Норман Фостердің жобасы бойынша салынған Пирамида жерден басталып, бақ арқылы аспанға ұласатын жолды бейнелейді. Оның үш деңгейі NXplorers әдістемесінің «Зерттеу», «Жасау» және «Өзгерту» атты үш кезеңіне сәйкес келеді. 2026 жылы NXplorers байқауына бес жыл, ал Пирамиданың ашылғанына жиырма жыл толады.

Сағат 8:30-да қатысушыларды тіркеу басталады, ал сағат 10:00-де фестиваль бейнеролик пен құттықтау сөздер арқылы салтанатты түрде ашылады. Бас залда «Назар коды», «Түс коды», «Дыбыс коды» және «Өзгеріс коды» атты төрт тақырыптық таныстырылым өтеді. Әр бөлім бейнероликті, жұмбақты, өнерпаздың өнер көрсетуін және спикердің түсіндірмесін қамтиды. Көрермендер сұрақтарға өз телефондары арқылы жауап бере алады.

Қатысушылар иллюзионистің тәжірибесін, тірі музыканың сүйемелдеуімен суретшінің картина салу үдерісін, опералық дуэттің өнерін және финалист команда жобасының даму тарихын баяндайтын құм анимациясын тамашалай алады.

Бағдарламаға сондай-ақ білім алушылардың экологиялық жобаларына арналған «NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі» байқауының қорытынды кезеңі, «Кодтар жолы» интерактивті бағыты және диджей-сет кіреді. Байқау ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен өтеді. Фестивальдің шарықтау шегі — бес команданы марапаттау рәсімі. Олардың әрқайсысы өз жобасын жүзеге асыру үшін 1 200 000 теңге көлемінде грант иеленеді.

Сағат 15:30-да жүлделер ұтысы мен ортақ фотосуретке түсуді қамтитын фестивальдің қорытынды бөлімі – «Баршаға арналған финал» басталады.

«NXplorers: Nature’s Code 2026» фестивалі бір күнде әдістеменің іс жүзінде қалай қолданылатынын көруге, шабыттануға, жаңа білім алуға және өзгерістерге бастамашы болатын қауымдастыққа қосылуға мүмкіндік береді. Қатысушылар NXplorers құралдарын қолданып, сарапшылармен танысып, өз болашағының кодын аша алады.

Қатысу тегін, алдын ала тіркелу міндетті.

Тіркелу: https://zhasylurpak.com/shell_reg 

Іс-шараның Instagram парақшасы: https://www.instagram.com/nxplorers.kz/ 

Іс-шараның ресми сайты: https://zhasylurpak.com/naturescode 

Іс-шараның афишасы: https://drive.google.com/drive/folders/1f1KcC3M1OLd0svtYjmdiAanum_3bM5ul 

  • Анықтама үшін айта кетейік, Шелл Казахстан — экономикалық, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып, энергия тасымалдағыштарға өсіп келе жатқан жаһандық сұранысты қанағаттандыруға ұмтылатын интеграцияланған энергетикалық компания.
  • «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры — Қазақстанда STEAM білімін танымал ететін, мұғалімдердің біліктілігін арттыратын және оқушыларды оқытатын білім беру ұйымы.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Төлебилік шаруа жүзім бағынан 300 тонна өнім алады

МҮҒАЛІМДЕР МЕН АҚ ХАЛАТТЫЛАРҒА ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

Redaktor Arysinfo

Арыс қаласындағы «Тең қоғам» орталығы – ерекше жандарға қолдау мен сенім ұялататын мекен

berdaly_oraz