№2 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер НАРЫМБЕТОВ ҚҰРМАНҒАЗЫ НҰРАЛЫҰЛЫ

ҮМІТКЕРДІҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ
Мен, Нарымбетов Құрманғазы Нұралыұлы, 1976 жылы 16 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келдім. Біліміім жоғары. 1983-1993 жылдары Арыс қаласында орналасқан №11 Б.Момышұлы атындағы орта мектепте білім алдым. 1994-1996 жылдары «Политехникалық колледжінде» оқып, энергетика мамандығын меңгердім. 2006-2010 жылдары «Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінде» көлік жүйелерін ұйымдастыру (логистика, тасымалдау және қозғалысты басқару) мамандығы бойынша білім алдым. 

Еңбек жолымда 2002-2006 жылдары «ҚТЖ» — «Шымкент тасымалдау бөлімшесі» пойыз қабылдаушы, 2006-2012 жылдары «ҚТЖ» — «Шымкент тасымалдау бөлімшесі» коммерциялық бақылау бекетінің бригадирі, 2012-2015 жылдары «ҚТЖ» — «Шымкент тасымалдау бөлімшесі» станция кезекшісі, 2015-2024 жылдары «ҚТЖ» — «Шымкент тасымалдау бөлімшесі» директорының логистика жөніндегі орынбасары қызметтерін атқардым. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін станция басшысы қызметін атқарып келемін.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

                                             ЕЛ СЕНІМІ – ЕРТЕҢГІ ЖАУАПКЕРШІЛІК!

  1. ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ: 
    • Әр тұрғынның өтініші мен ұсынысына әділ қарап, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету;
    • Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға атсалысу;
    • Қабылданған шешімдердің орындалуын бақылап, халық алдында ашық есеп беру.
  2. АРЫСТЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ
    • Қала және ауыл көшелерін жөндеу, сапалы жол салу мәселелерін көтеру;
    • Көшелерд жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолдары мен аулалардыы аббандыруға ықпал ету;
    • Ауызсу, электр энергиясы және коммуналдық қызмет сапасын жақсартуға атсалысу;
    • Қоғамдық көлік қатынасын жетілдіру мәселелерін назарда ұстау.  
  1. ЕҢБЕК АДАМДАРЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
  •  Арыс қаласының теміржолшылар қаласы ретіндегі ерекшелігін ескере отырып, теміржол саласы қызметкерлерінің еңбегін бағалау мен әлеуметтік қолдау мәселелерін көтеру;
  • Жергілікті тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған бастамаларды қолдау;
  •  Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету.
  1. ЖАСТАР, СПОРТ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ
    • Балалар мен жастарға арналған спорт және ойын алаңдарын көбейтуге ықпал ету;
    • Жатардың білім алуына, жұмысқа орналасуына және қоғамдық бастамаларына қолдау көрсету;
    • Ардагерлер, көпбалалы отбасылар және әлеуметтік осал топтардың мәселелеріне назар аудару.
    1. ХАЛЫҚПЕН ТҰРАҚТЫ БАЙЛАНЫС
      • Тұрғындрмен ашық әрі тұрақты байланыс орнату,
      • Халық көтерген мәселелерді тиісті мекемелерге жеткізіп, шешілуін бақылау;
      • Қоғамда адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын ұстану.

Жарияланым ақысы №2 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Нарымбетов Құрманғазы Нұралыұлының бюджеттік сайлау қорынан төленді.  

Ұқсас жаңалықтар

Облыста жыл басынан бері 11,3 мың гектарға су үнемдеу технологиясы ендірілді

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ ТАЗАЛЫҚТЫ БАҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА 700-ДЕН АСТАМ БЕЙНЕКАМЕРА ОРНАТЫЛҒАН

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ КҮРТ ӨСІП ОТЫР

Redaktor Arysinfo