Арыста 83 мыңнан астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өрт сөндіру бөлімі жаңартылды

Түркістан облысының Арыс қаласында жаңартылған №7 өрт сөндіру бөлімінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты. Бөлімше алты ауылдық округке қарасты 27 елді мекендегі 83 мыңнан астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Ауқымды жаңғырту жұмыстары 1971 жылдан бері ескі ғимаратта орналасқан өрт сөндіру бөлімін толық өзгертті. Құтқарушылар үшін заманауи екі қабатты корпус пен өрт сөндіру автокөліктеріне арналған жеке гараж салынды. Жаңа кешенде Арыс қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бөлмелері де қарастырылған.

Мұнда диспетчерлік бөлме, оқу сыныбы, газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлмелері, инспекторлар мен анықтаушылардың кабинеттері, жатын бөлмелер, душ кабиналары, киім ауыстыратын орындар және тамақтану бөлмесі жабдықталған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде жаңа қойылымның тұсауы кесілді

Түркістанда жаңа фитнес-орталық есігін айқара ашты

berdaly_oraz

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДІ НАСИХАТТАП ЖҮРГЕН ӨНЕР ИЕСІМЕН КЕЗДЕСТІ